17.11.2020, 10:00

Алматыға түскен қарды тазалауға 1300-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды

Осы аралықта қалаға 4-5 см, таулы аудандарда 8-10 см дейін қар түскен.

Алматыда қар тазалауға 549 арнайы техника мен 1298 жұмысшы жұмылдырылды.

Алматыда 16 қараша күні кешкі сағат 17:00-де жауа бастаған қар 17 қараша таңғы сағат 04:20 шамасында тоқтады. Осы аралықта қалаға 4-5 см, таулы аудандарда 8-10 см дейін қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға арнайы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді.

Тегтер: қар тазалау