$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанда 241 мұғалімнен коронавирус анықталды

Сондай-ақ, кезекші сыныптарда оқитын 302 оқушыдан және қашықтан оқитын 740 оқушыдан коронавирус анықталған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"241 жағдай - мұғалімдер арасындағы жағдай. Бұл бүкіл ел бойынша, барлық 17 өңірде. Тергеу жүргізіліп, байланыста болған адамдар анықталып жатыр, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Есмағамбетова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кезекші сыныптарда оқитын 302 оқушыдан және қашықтан оқитын 740 оқушыдан коронавирус анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары