Жаңалықтар 18.11.2020 сағат 15:40

Блогер TikТok-та полиция киімімен билегені үшін жазалануы мүмкін (ВИДЕО)

Айыппұлдың орнына "полиция қызметкері" адамдарға өзімен бірге билеуді ұсынған.
Блогер TikТok-та полиция киімімен билегені үшін жазалануы мүмкін (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Блогер Нұртаза Нұрбек TikTok-та полиция киімімен билегені үшін жазалануы мүмкін.

Видеода полиция формасын киген алматылық медициналық бетперде тақпаған адамдарды тоқтатады. Айыппұлдың орнына "полиция қызметкері" адамдарға өзімен бірге билеуді ұсынған.

Ер адам әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 675-бабына сәйкес (арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру) бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

"Мен полиция беделіне нұқсан келтіруді мақсат етпедім, құқықбұзушылық жасағаныммен келісемін, мұндай әрекеттерді қайталамауға кеңес беремін", - деді блогер.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Айта кетейік, полиция формасын заңсыз киіп жүргені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (13 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұған дейін әнші Кенталдың полиция формасымен түскен видеосы төңірегінде де шу шықты.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде полиция формасын киген ер адамның видеосы анықталған. Видеоның авторы "Кентал" атымен белгілі әнші Талғат Кенжеболатов болып шықты. Ол видеода орыс тілінде "күйзеліске ұшыраған және қиындыққа тап болғандарға" үндеу жолдайды.

Ал әншінің айтуынша, видео төрт жыл бұрын түсірілген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар