19 қарашада Қазақстанда теледидар мен радиолар уақытша сөндіріледі, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ИИДМ "Қазтелерадио" АҚ-ға сілтеме жасай отырып, жердегі цифрлық, аналогтық және спутниктік телерадио хабарларын тарату желісіндегі жоспарлы профилактикалық және жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізілетіндігі туралы хабарлады.
Телерадиохабар тарату ісі 2020 жылдың 19 қарашасында таңғы сағат 3: 00-де тоқтатылады. Қазақстандық телерадио эфирлерінің таралуы ісі жоспарланған жұмыс атқарылып болған соң 19 қараша күні сағат 17.00-де қалпына келтіріледі, - делінген хабарламада.