$ 444.32  473.33  4.76

Көкшетауда көпқабатты үйлер жылымай тұр

Жергілікті билік мәселені түсіндірді.

Көкшетауда көп қабатты үйлер суып кетті. Azattyq Rýhy тұрғындармен тілдесіп, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті мекемелерден мәселенің мән-жайын сұрап көрді.

Қала тұрғындарының айтуынша, үйдегі сынап бағанасы 18 градус межеден аспайды.

«Менің анам Көкшетаудың ортасында орналасқан Абай көшесі-110 мекенжайында тұрады. Қала әкімдігі зейнеткерлерді осындай қиындыққа қалдырып отырғаны қалай? Жылу берілген алғашқы айда ғана үй жылы болған. Қазір мүлде суық. Пәтердегі температура 18 градустан аспай тұр. Жылытқышты қоса алмайды. Өйткені зейнетақысы электр энергиясын төлеуге жетпей қалады. Адамдар кәдімгідей тоңып жүр. Мәселені дереу шешуін сұраймыз. Біз коронавирустан емес, үйдің суық болғанынан қорқамыз», - дейді Әлия Жұманғалиева.

Жергілікті билік мәселені түсіндірді. Қалалық әкімдіктің айтуынша, ПИК бар үйлерден мұндай шағым түспеген.

«Көкшетау қаласындағы РК-1 және РК-2 жылу қазандықтары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі жағдайға сәйкес, температураның шығу көрсеткіші 70 градустан асып тұр. Жылу қалаға шыққаннан кейін ол жылу қазандықтарына в 56-57° градус мөлшерінде келеді. Бұл пәтер иелері кооперативтері жұмыс істейтін үйлерде бәрі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ», - дейді Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тиісті мұндай жағдай ПИК-тер мен кондоминиум жоқ иесіз үйлерде болып жатыр. Яғни, үйлердің жылу торабының ішкі желілеріндегі ақаудан болуы мүмкін.

Қала әкімдігі аталған мәселе бойынша 8 мониторинг тобын құрып, шағым жасалған үйлерді аралап, үйдің температуарсын тексеріп, тиісті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жылу маусымы