19.11.2020, 15:40

Серік Сәпиев әкесінің қазасына қатысты пікір білдірді

Әкем ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешті.

Бокстан 2012 жылы Лондон олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев әкесінің қазасына ортақтасқандарға алғысын айтты.

«Әкемнің қазасына ортақтасқандарға шын көңілден алғысымды айтамын. Әкем Жұманғали Дәуітұлы 75 жасында өмірден озды. Қарағанды ​​облысының көмір бассейнінде 35 жылдан аса жұмыс істеді. Құрметті шахташы деген атағы бар. Әкем ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешті», - деп жазды Серік Сәпиев.

Еске сала кетейік, 18 қарашада Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі даңқты спортшының әкесі қайтыс болғанын хабарлап, Серік Сәпиевтің отбасына көңіл айтты.

Тегтер: Серік Сәпиев