$ 494.87  520.65  4.91

«Мені өлтірді»: Қарағандыда полицейден зәбір көрген әйел асылып қалды

Ол 26 миллион теңге шамасындағы пәтер ақшасын полицейдің әйеліне берген. Себебі, полицей оған екі жыл бойы қысым көрсеткен.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

17 қараша күні Можайский көшесіндегі үйлердің бірінде суицид жасаған әйелдің денесі табылды. Ол полицейге қарыз болған соң өз-өзіне қол салған, деп хабарлады paryz.kzRatel.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм өлер алдындағы хатында бұл іске полицей кінәлі екенін жазған.

"Мен өз-өзіме қол саламын деп шештім. Бұған ... кінәлаймын. Мен одан ірі көлемдегі ақша қарызға алдым. Уақытында қайтара алмадым. Оның талабы бойынша үш үй мен пәтерді кепілдікке рәсімдедім", - деп жазған әйел.

Жазуынша, ол 26 миллион теңге шамасындағы пәтер ақшасын полицейдің әйеліне берген. Себебі, полицей оған екі жыл бойы қысым көрсеткен.

"2018-2019 жылдар аралығында 200 мың доллар көлеміндегі ақшаның процентін төледім. Мен қарызды қайтарудан бас тартқан жоқпын. Бірақ қарыз бен процентті қайтаратын мүмкіндігім болмады. Ал қысым көрсету одан сайын күшейе бастады", - деп жазылған хатта.

Әйел Қарағанды облысының ПД қауіпсіздік басқармасына барған. Оның арызы бойынша тергеу басталып, бір айдан соң іс жабылған.

"Ол менің бизнесімді, үйімді, әділдікке деген сенімімді алып қойды... Мен бұлай өмір сүре алмаймын... Маған біреу көмектеседі деп сенбеймін. Басқа жол жоқ. Бұл – өз-өзіме қол салу емес, адам өлтіру. Мені ... өлтірді" деп жазып кеткен әйел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары