Жаңалықтар 19.11.2020 сағат 16:40

Коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге беріле ме?- Министр жауабы

Пандемияға байланысты ел Президенті жағдайды бірқалыпты сақтау үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.
Коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге беріле ме?- Министр жауабы
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге төлене ме, деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы палата отырысында 4,6 миллион адам пандемия кезінде жұмысынан айрылғаны үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 476 миллиард теңге көлемінде қаржылық көмек алғанын айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елде күнделікті вирус жұқтыратындардың саны күрт артып, орташа есеппен 600 адам болды. Бұл - алаңдатарлық жағдай. 2021 жылы елдегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан және табысын жоғалтқан адамдарды қолдауға қандай шаралар болады? Осы мақсаттарға қарастырылатын заң жобасында (2021-2023 жылдарға арналған бюджет - автор) 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік жәрдемақыны ескере отырып, қаражат көзделмеген. МӘСҚ мүмкіндіктері қандай?", - деп сұрады Сенат депутаты министрден. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заң бойынша МӘСҚ-дан бес әлеуметтік төлем қарастырылғанын айтты.

"Пандемия кезінде ол (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры - автор) әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты. Ауырғандар үшін 476 миллиард теңге қарастырылды. Вирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне тағы 20,5 миллиард теңге төленді.

Бұл шығындар қорға түсетін ақшадан үш есе көп болды. (...) Пандемияға байланысты ел Президенті жағдайды бірқалыпты сақтау үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Қазір Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігімен бірге салдардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары бар", - деді министр.

Алайда Нұрымбетов қазақстандықтар 2021 жылы пандемияға байланысты табысынан айырылса, оларға ақша төленетін-төленбейтінін нақтылаған жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар