21.11.2020, 07:20

21 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дерек көзі
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын әлі де антициклон анықтайды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, Түркістан облыстарында жаяу бұрқасынмен.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді. Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.