21.11.2020, 14:24

Трамптың сайлауда жеңілгеніне кім кінәлі?

Сондай-ақ, Трамп дәрі-дәрмек шығаратын ірі өндіруші Pfizer компаниясы BioNTech неміс компаниясымен бірлесіп жасаған вакцинаны шығаруды қазіргі президенттің жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін кешіктіргенін айтты.

Дональд Трамп ірі фармацевтикалық және технологиялық компаниялар, сондай-ақ, БАҚ-тар оның президент сайлауында жеңілгеніне "кінәлі" екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ірі фармацевтикалық компаниялар сайлауалды компания кезінде маған қарсы негатив жарнама жасады. Бірақ білесіздер ме, біз оны анықтаймыз. 74 миллионға жуық дауыс. Бізге фармкомпаниялар қарсы болды. БАҚ қарсы болды. Ірі технологиялық компаниялар да бізге қарсы болды", - деді Трамп. 

Сондай-ақ, Трамп дәрі-дәрмек шығаратын ірі өндіруші Pfizer компаниясы BioNTech неміс компаниясымен бірлесіп жасаған вакцинаны шығаруды қазіргі президенттің жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін кешіктіргенін айтты.

АҚШ-тағы президент сайлауы 3 қарашада өткен болатын. Деректер мен мәліметтерді ескерген америкалық БАҚ демократ Джозеф Байден жеңіске жеткенін хабарлады. Көптеген ел басшысы Байденді жеңіске жетуімен құттықтады.