22.11.2020, 11:28

Өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 8 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
214 адам ауыр халде жатыр.

Өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 11 191 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 614-і бала. Стационарларда 3 165 науқас бар. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастар арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланды. 23 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада.