22.11.2020, 15:40

42500 теңге туралы жаңа Тelegram-бот ашылғаны рас па?

Фото: orenonline.kz
«Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-ботын ашқан.

Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram-ботты іске қоспады. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты - фейк. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды», - делінген хабарламада.

Министрлік азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұрады.

Тегтер: телеграм 42500