23.11.2020, 14:40

Қарағанды облысы 68 мың теңгелік бетперделер сатып алған

фото: pixabay.com
Өнім беруші "GoldenStag" ЖШС-мен келісімшарт 2020 жылдың 1 сәуірінде жасалған.

Қарағанды облысында жартылай бетперде сатып алуға 13,6 млн теңге жұмсаған. Бұл туралы  Zertteu Research Institute, goszakup.gov.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

 Бетперденің бір данасы 68 мың теңге. Барлығы 200 дана алған.  Тапсырыс беруші Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" КММ. 

Өнім беруші "GoldenStag" ЖШС-мен келісімшарт 2020 жылдың 1 сәуірінде жасалған.  Техникалық ерекшелігінде тауарға толық сипаттама берілмеген: «Аэрозольден қорғайтын фильтрі бар 3М жартылай бетперделері. Қатты бөлшектердің ауадағы үлесі шамадан тыс көп болуы мен булануы қиын сұйық бөлшектерден жұмысшылардың тыныс алу органдары зиян шегетін жағдайда, солардан жақсы қорғану мақсатында қолданылады. Көмір шаңдарынан қорғайтын сүзгісі бар».