$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО тұрғыны шектеулерге қарамастан той өткізді

Қаулыға сәйкес бұл мекемелер де сенбі-жексенбіде жұмыстарын тоқтатуы тиіс еді.

Қазір ШҚО коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта» тұрғанына қарамастан, Семей тұрғыны дәл Полиция басқармасының алдында орналасқан дәмханада той жасаған, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ, демалыс күндері жұмыс істеп тұрған монша мен алтын сататын дүкен жұмысы да анықталып, тиісті хаттама толтырылды. Қаулыға сәйкес бұл мекемелер де сенбі-жексенбіде жұмыстарын тоқтатуы тиіс еді. 

«Қазіргі таңда осы фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін СЭС-ке, тауарлар сапасын қадағалайтын басқармаға жолданды. Процессуалдық шешімді сол кісілер қолданып, осы азаматтардың барлығына айыппұл салынады», - қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі жетекшісі Елубек Оспанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары