24.11.2020, 10:20

Еліміздегі дәрігерлердің айлық табысы қанша?

Фото: ашық дереккөз
2025 жылы Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 550 000 мың теңгеден кем болмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлер орташа қандай жалақы алатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

Облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханада дәрігерлер орташа есеппен 301 мың теңге, ал емханада 238 мың теңге айлық алады.

Сондай-ақ ведомсвтоның мәліметінше, мейірбикелердің ауруханадағы жалақысы 185 мың теңге, емханада 168 мың теңге.

Ал жедел жәрдемдегі дәрігерлердің орташа айлығы - 310 мың теңге.

Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 258 708 теңге, ал медициналық персонал айына 161 281 теңге алады.

2025 жылы Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 550 000 мың теңгеден кем болмайды.