24.11.2020, 10:40

Қазақстандағы ауасы ластанған 10 қала

Фото: ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, ластаушы заттар шығарындыларының едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында ауасы қатты ластанған еліміздегі 10 қаланы атады.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 елді мекеннің ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, ластаушы заттар шығарындыларының едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі.