29.06.2016, 06:43

Шымкентте ірі жол апатынан 2 жасар сәби көз жұмып, 7 адам жараланды

Оқиға 28 маусым күні сағат 16:00 шамасында орын алған. Жаңаталап шағынауданындағы жол қиылысында «Луидор» шағын автобусы «Дэу-джентра» маркалы жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан 2 жасар сәби қайтыс болды.

Жарақат алғандар қатарында 5 жасар бала да бар. Сондай-ақ, екі көліктің жүргізушілері және 22, 19 және 17 жастағы жолаушылар мен 1986 жылы туған әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің СДТТБ тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабымен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық іс қозғалды. ЖКО-ға кінәліні анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.