Жаңалықтар 24.11.2020 сағат 17:40

Солтүстік Қазақстанда 24 мұғалім коронавирус жұқтырған

СҚО-ның Уәлиханов ауданында 3 мектеп карантинге жабылды.
Солтүстік Қазақстанда 24 мұғалім коронавирус жұқтырған
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Солтүстік Қазақстан облысында екінші тоқсанда 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп, бұл өңірдегі барлық білім беру мекемелерінің 75,7% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова жаңа оқу жылынан бастап коронавирусқа байланысты 57 кезекші сыныптың қашықтан оқуға көшірілгенін айтты. Оның 19-ы қараша айында онлайн форматқа ауыстырылған.

«Қазіргі уақытта СҚО-да 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл - 75,7% құрайды. Олар негізінен шағын комплектілі мектептер. Бұдан басқа 1566 кезекші сынып бар, оларда бастауыш сыныптардың 19303 оқушысы білім алып жатыр», - дейді Гүлмира Кәрімова.

Кезекші сыныптарда жұмыс істеген 24 мұғалімде қауіпті инфекция анықталып, бүгінде олар ем алып жатыр. «Сақтық шаралары жасалған. КВИ таралмауы үшін маска режимі енгізілген, санитайзерлер бар. Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Олардың үзілісі де сәйкес келмеуі үшін түрлі уақытқа қойылған. Енді балабақшаларға балаларды қабылдау да сағат 9.00-ге дейін ұзартылды. Бұл бүлдіршіндердің бір-бірімен байланысын барынша азайту мақсатында жасалған», - дейді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта М.Жұмабаев ауданы Успенский орта мектебіндегі шағын орталық және Аққайың ауданындағы «Балапан» балабақшасы және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі 19 кезекші топ карантинге жабылды. Сонымен қатар, СҚО-ның Уәлиханов ауданында 3 мектеп карантинге жабылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар