25.11.2020, 07:10

«Ақжайық» реверватындағы құстардың неден қырылғаны белгілі болды

фото: 24.kz.
Бүгінде өлген құстардың саны 150-ге жеткен.

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында 4 қарашадан бастап құстардың белгісіз себептен қырылып жатқаны туралы айтқан едік. Өлген суқұзғын мен шағалалардан алынған зертханалық сынама қорытындысы олардың пастереллёзге шалдыққанын көрсетті, деп хабарлайды 24.kz

Бұл аурудың адам бойынан да табылып жататыны ғылыми дәлелденген. Сондықтан жауаптылар инфекцияның тұрғындарға тигізер қаупін зерттеп жатыр. Дегенмен, қанаттылар құс тұмауын жұқтырмаған.

Сондай-ақ бұл жайтқа байланысты резерваттағы су, топырақ және ауадан, сонымен қатар балықтан алынған сынама нәтижелері бірқалыпты. Бүгінде өлген құстың саны 150-ге жеткен.

" Бұл Каспий теңізіне көктемде келіп, ұя салып, балапан шығаратын, мекендейтін құстар. Күзгі уақытта келіп, күзде ұшып кететін құстар. Бұл құстар белгісіз себептен болғандықтан, әлі де алдағы уақытта зерттелуде қай жақтан жұқтырғаны. Не себептен пастереллез инфекциясы болғаны. Әрі қарай адамға жұғатын-жұқпайтыны туралы алдағы уақытта қорытынды болады", дейді  облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев. 

 

Тегтер: тұмау құс