$ 494.87  520.65  4.91

Елордадағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды

Оның айтуынша, тағы екі зардап шегуші жан сақтау бөлімінде жатыр. Қалған пациенттер аурухананың бейінді бөлімшелерінде, олардың жағдайы тұрақты.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыс құрбандарының саны артты. Тағы бір адам жан сақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz .

"Бастапқыда нашар болжаммен ауыр халде жатқан науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды.  Науқаста мидың контузиясы бар ауыр ми жарақаты болды.

Науқасты келіп түскен сәттен бастап № 2 МГБ және Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары қарап шықты. Алайда, барлық жүргізілген емдеу шарасына қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады", - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Оның айтуынша, тағы екі зардап шегуші жан сақтау бөлімінде жатыр. Қалған пациенттер аурухананың бейінді бөлімшелерінде, олардың жағдайы тұрақты.

Еске салайық, 21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған. 

Нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды. Кейін марқұмның туыстарын 1 млн теңге өтемақы төленетіні белгілі болды.

Барлығы жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды емханаға жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары