$ 494.87  520.65  4.91

«Қаржыны және жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет» – Тоқаев

Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтілетінін жеткізді.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент билік әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа алатынын атап өтті. 

"Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беруі керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән береміз", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде. 

Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, ол алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік  төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индексацияланады. Бұл ретте ол инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары