$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсетін болды

Сондай-ақ мұғалімдердің де жалақысы екі есеге артады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын қолдау жайына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Педагогикалық кадрларға сұранысты арттыру және білім сапасын жоғарлату мақсатында олардың жалақысы екі есеге артады. Білім экономикасының негізі әлемдік білім беру мен инновациялар жүйесінің құрамына енген заманауи зерттеу университеттері болуы тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйене отырып, кем дегенде тағы екі озық аймақтық университет құрылады, - деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының ХХ съезінде.

Сонымен қатар, білім гранттарының саны 2025 жылға қарай 50%-ке көбейеді, соның арқасында 75 мың жас азамат жоғары білімге ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары