$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндетті ма? - министрлік жауабы

Тілші ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын 22 қазанда жазып алған
Фото : itc.ua
Фото : itc.ua

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия» бірінші арнасы таратқан хабардың ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Тілші ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады.

Ведомство өкілдері осы ақпаратты телеарнаға сілтеме жасап таратпауды, бүгін берілетін ІІМ-нің ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#саусақ #фейк