Павлодарда қабылдауға келген тұрғынды психикалық ауруханаға жіберу үшін арнайы бригада шақырған шенеунік қызметінен босатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Павлодар әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров қызметінен босатылды. Ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Оның қабылдауына кірген әйел әкіммен кездесіп, қазақ тілін қолдау мәселелері бойынша кездескісі келген», - деді Әбілқайыр Сқақов.