$ 446.49  475.38  4.79

Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

27 қарашада он облыста қолайлыз ауа райына баланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 27-29 қарашада кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 28 қарашада кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

ШҚО бойынша 27 қарашада сағат 21:00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары