28.11.2020, 21:55

АҚШ-та өлім жазасының жаңа түрі пайда болды

Фото: stan.kzө
Қазір федералды деңгейде сотталған қылмыскерлер өлім инъекциясы арқылы ғана емес, газ камерасында, электрлік орындықта, тіпті ату арқылы да өлім жазасына кесілуі мүмкін.

АҚШ Әділет министрлігі түзетулеріне сәйкес, өлім жазасы енді инъекция арқылы ғана жүзеге асырылмайды, деп хабарлайды Stan.kz.

The Hill басылымның хабарлауынша , қазір федералды деңгейде сотталған қылмыскерлер өлім инъекциясы арқылы ғана емес, газ камерасында, электрлік орындықта, тіпті ату арқылы да өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Билік көбінесе фармкомпаниялардың үкіметке дәрі-дәрмек беруден бас тарту жағдайларымен кезігеді, осыған байланысты бірқатар штаттар балама әдістерін қолданады.

Осындай сәтсіз жағдай алты жыл бұрын Оклахома штатында болған, АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама Әділет министрлігіне өлім жазасы мен өлімге әкелетін инъекциялық есірткіге қатысты адам құқықтарына кең көлемде талдау жүргізуді тапсырған.