28.11.2020, 22:40

Баландин жүзуден Қазақстан чемпионы атанды

Фото: ашық дереккөзі
200 метрге брасс әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды.

Ақтөбеде өтіп жатқан жүзуден Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы бәсеке басталды, - деп хабарлайды Olympic.kz. 

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды. Екінші орында Жамбыл облысының өкілі Нұрдәулет Жұмағали, үшінші орында ақтөбелік Константин Корольков орналасты.

Еске салайық, 2016 жылы Баландин дәл осы қашықтықта Рио Олимпиадасында "алтын" жеңген болатын.