30.11.2020, 17:20

Коронавирус: Астана қайтадан «сары» аймаққа енгізілді

Фото: tengrinews.kz
30 қарашадағы жағдай бойынша "сары" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы бар.

Астана коронавирус таралу көрсеткіші бойынша қайтадан "сары" аймаққа енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

30 қарашадағы жағдай бойынша "сары" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы бар.

Ал "қызыл" аймақта Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары бар. 

Қалған өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.