02.12.2020, 14:40

3-5 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Фото: ашық дереккөз
Кей жерлерде тұман күтіледі.

Синоптиктер 3-5 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" өкілдері.

"Оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттар республиканың басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды. Қар жауады, жекелеген өңірлерде қатты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады деп күтіледі. Тек батыста аздаған бұлтты және аязды ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман күтіледі", - деді синоптиктер.

Тегтер: ауа райы боран