02.12.2020, 21:01

Тоқаев Сыртқы істер министрін қабылдады

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәртібіндегі мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрлігінің осы жылдың басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары, соның ішінде, өзге елдермен екіжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық ұйымдар аясында өткізілген халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәртібіндегі мәселелері талқыланды.  

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Сыртқы істер министріне еліміздің стратегиялық әріптестерімен екіжақты іс-қимылдарды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.