$ 446.49  475.38  4.79

Танымал компанияның фейк ойыны қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлайды

Сол арқылы жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Amazon компаниясы жүргізіп отырған «ойынға» сілтемемен бөлісуде, деп хабарлайды stopfake.kz.

 Қатысушылар арасында қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтысы өтізіледі. Алайда, «ойынның» сілтемесі фишингтік сайтқа апарады.

Бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Осының бәрі фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кіруге тырысқанда, фишинг туралы автоматты түрде ескерту шығады және сервермен байланыс қорғалмаған. Осындай интернет-платформалар арқылы алаяқтар сайтқа кірушілердің жеке деректерін – жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады.

Бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етуде, адамдарды банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары