$ 494.87  520.65  4.91

Жоғарғы соттың судьялары жаңадан сайланды

Олар – Сәкен Абдолла және Мәдениет Омарбекова.

Сәкен Абдолла мен Мәдениет Омарбекова Жоғарғы сот судьясы лауазымына сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәкен Абдолла 1964 жылы туған. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлар органында бастады.

1992 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары;
1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы;
1996-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының басшысы;
1999-2002 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасының басшысы;
2002 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының директоры;
2003 жылы Жоғарғы сот аппаратының басшысы болып қызмет атқарды;
2004 жылдан бастап Жоғарғы соттың судьясы болды;
2007 жылдан Маңғыстау облыстық сотының төрағасы;
2011 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы;
2013 жылы ҚР Әскери сотының төрағасы болып тағайындалды;
2018 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.
Судьялық еңбек өтілі - 19 жыл.
Омарбекова Мәдениет Жақанқызы 1965 жылы туған, заң ғылымдарының кандидаты.

Заң мамандығы бойынша еңбек жолын 1988 жылы Қарағанды қаласы Совет аудандық сотының сот отырысының хатшысы болып бастады.

1990 жылдан Қарағанды қаласы Совет аудандық сотының сот орындаушысы болып жұмыс істеді;
1992 жылдан Қарағанды қаласы Совет аудандық соты төрағасының көмекшісі;
1993 жылы Қарағанды қаласы Совет аудандық сотының судьясы;
2000 жылдан Қарағанды облыстық сотының судьясы;
2015 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы болып қызмет атқарады.
Судьялық еңбек өтілі - 27 жыл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары