Жексенбі күні, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.
Дүйсенбі күні, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.