$ 524.58  551.91  4.93

Мемлекеттік туды ғимараттардың қасбеттеріне ілуге рұқсат берілді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына мемлекеттік туды ғимараттардың қасбеттеріне ілуге рұқсат беретін түзетулерге қол қойды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына мемлекеттік туды ғимараттардың қасбеттеріне ілуге рұқсат беретін түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаулыға сәйкес, ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылған:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлік идеясын білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін».

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, туларды пайдалану ережелерін қайта қарауды ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары