$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 13 жастағы қызды зорлап өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсады

Қылмыстық іс жабылды.
Фото: azattyq-ruhy
Фото: azattyq-ruhy

Көкшетауда күдіктінің қайтыс болуына байланысты 13 жастағы оқушы қызды зорлау және өлтіру туралы қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Күдікті азамат қайтыс болғандықтан, жәбірленушінің туған-туыстары мен күдіктінің анасы және адвокаты қылмыстық іске қатысты материалмен таныстырылды. 

Департаменттің мәліметінше, алдын ала тергеу органдарымен ұсынылған дәлелдер бойынша олар қабылданған процессуалдық шешіммен келіскен. Қылмыстық іс күдікті тұлғаның қайтыс болуы себепті тоқтатылған.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында оннан астам сот сараптамалары жасалды. Жүзден астам адамнан жауап алынып, жәбірленуші мен күдікті тұлғаның жүрген бағыты бойынша сырттай бақылау камераларындағы бейнежазбалар мен ұялы телефондары зерттелді», - деді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жүргізілген жедел тергеу шараларының нәтижесінде күдікті азаматтың кім екені анықталып, оның кінәсін толығымен дәлелдейтін айғақтар табылған.

Естеріңізге сала кетсек,  осы жылдың 20 тамызында Красный Яр селосында 13 жастағы оқушы қыз шаштаразға барып, сол күйі оралмаған. Бір апта өткен соң зорлықпен өлтірілген қыздың денесі табылды.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Кейін аталған іс бойынша қосымша қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлық) бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған. Полиция күдікті азаматты тапты. Бірақ тергеуден кейін ол өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары