$ 445.66  474.58  4.78

Айсұлтан Рахаттың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Financial Times Айсұлтан Рахаттың 2020 жылы тамызда Лондон орталығындағы Грин-паркте көз жұмғаны туралы жазды
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Financial Times газеті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахаттың кокаинді мөлшерден тыс тұтынғаннан көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, mediazona.ca-ға сілтеме жасап.

Газет мәліметінше, Айсұлтан FT басылымына берген сұхбатында "білетіні" жайында айтуға әзір екенін жеткізген. Ол қазақстандық оппозиция өкілдерімен байланысқа шығып, мұнай саласындағы жемқорлық сызбасын жария еткен. Сондай-ақ жемқорлыққа отбасы мүшелері мен Кремльден кімдердің қатысы барын да айтқан.

Газет зерттеген құжаттардағы кей мәліметтер Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі айтқанымен бірдей.

13 ақпан күні Айсұлтан Рахат Facebook парақшасында "Ресей мен Қазақстан билігі арасындағы ауқымды жемқорлық" туралы ақпараты барын жазған еді. Желідегі жазбасында қазақстандық газдың Ресей "Газпромына" "бақыр тиынға" сатылып жатқаны туралы айтқан. Ал 16 тамыз күні оның "жүрегі тоқтап" көз жұмғаны белгілі болды. Сол күні анасы Дариға Назарбаева ақпаратты растады.

Financial Times Айсұлтан Рахаттың 2020 жылы тамызда Лондон орталығындағы Грин-паркте көз жұмғаны туралы жазды. Лондон келесі жылы тергеу жүргізбек. Елбасы жиенінің қайда жерленгені әлі күнге дейін белгісіз. Елшілер бұған қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Еске сала кетсек, қаңтар айының соңында Айсұлтан екіұшты мәлімдеме жасап, 2019 жылдың маусымында белгілі бір себептермен әлеуметтік желі қолдана алмағанын айтқан еді. Сондай-ақ, ол жуық арада өзін әлдекімнің өлтіретінін немесе қабілетсіз деп танылатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары