$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда қаңтардан бастап зейнетақы қаншаға өсетіні белгілі болды

Одан бөлек, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш те өзгереді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанда келесі жылы мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері өседі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Басылым мәліметінше, елімізде қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері өседі. Егер былтыр ол 17 641 теңге болса, 2021 жылы 18 524 теңгеге жетеді.

Сонымен қатар, ең төменгі зейнетақы да 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге дейін өседі. Тиісті нормалар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда көрсетілген.

Одан бөлек, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш те өзгереді. 

Келесі жылы 1 АЕК 2 917 теңгені құрайды. Осы жылы 1 қаңтардан ол 2 651 теңге болса, 1 сәуірден 2 778 теңгеге дейін ұлғайған еді. 

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге шамасында белгіленді. Осы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңгені құрады. Ал ең төменгі жалақы өзгерген жоқ – 42 500 теңге. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары