$ 494.87  520.65  4.91

Мүфтият 2021 жылдың діни мереке күндер кестесін жариялады

Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20, 21, 22 шілдеде тойланады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2021 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Сонымен, Миғраж түні наурыздың 10-ынан 11-іне, ал Бараат түні наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні өтеді.  

Ораза 14 сәуірде басталады. Қадір түні мамырдың 9-ынан 10-ына қараған түні өтеді.  

Рамазан айының аяқталуына байланысты Ораза айт мерекесі 13 мамырда басталады.

Арапа 19 шілдеге түсіп тұр.  

Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20, 21, 22 шілдеде тойланады.  

Ашура күні 19 тамызға белгіленді, ал Мәуліт қазанның 18-інен 19-ына қараған түні өтеді.   

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. 

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары