06.12.2020, 09:21

Өткен тәулікте 190-нан астам адамнан коронавирус расталды

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43073, 454 өлім жағдайы тіркелді.

5 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 190-нан астам адамнан анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

«Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 193 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 104 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43073, 454 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30956 жетті», - делінген ақпаратта.