Еліміздің біраз бөлігінде күн құбылмалы болып, қалың тұман басады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Осыған байланысты 8 бірдей өңірге дауылды ескерту жарияланды. Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақастан облыстарында тұман болады. Ал, батыста, Маңғыстау өңірінде осыған ұқсас жағдай орын алады. Оған қоса аяз күшейіп, сынап бағанасы -22 градусқа дейін төмендейді.
«Ал, елордада термометр күндіз -13, ал, түнде -23 градусты көрсетеді. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді», - дейді синоптиктер.