Атырау облысындағы Теңіз кенішіне мердігер компаниялардың жұмысшылары жалған ПТР тест анықтамасымен келген, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді. Мердігер мекемелердің кейбір қызметкерлері санитарлық бекеттерден жалған ПТР-тест анықтамаларды көрсету арқылы өткен фактілер анықталды. Осындай қызметкерлерге берілген рұқсаттар дереу жойылды. Өрескел фактілер туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Ресми тергеу жүргізіледі деп күтілуде, - деді Рзабек Артығалиев.