10.12.2020, 10:20

COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өтті

Фото: inform. kz
Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 10 желтоқсан күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықтың бағалауынша «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген. Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Ал сары аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі де жасыл аймақта.