$ 448.89  477.93  4.76

Қарағанды облысындағы Көк бөрінің ескерткіші Гиннесс кітабына енгізілуі мүмкін

Биіктігі 10 метрге жуық түз тағысының мүсіні әлемде жалғыз екен.

Қарағанды облысында орнатылған Көк бөрінің ескерткіші Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін. Ұлытау ауданы басшыларының айтуынша, биіктігі 10 метрге жуық түз тағысының мүсіні әлемде жалғыз екен, деп хабарлайды КТК. 

Мүсінші Амантай Меңдіғалиев түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі – Көк бөрінің ескерткішін жасау идеясын 40 жылдан бері жадында ұстап келген. Ақыры эскизін жасап, рұқсат қағазын реттеген соң, яғни бір жыл бұрын мүсінді жасауға кірісіпті. Қаңқасы темірден өріліп, сырты шыны пластик материалдан құйылған. Шығынын өзі көтерген. Іргетасын тереңге жіберіп, мінберін жасаған да өзі. 

«Ел кіндігі – қасиетті Ұлытаудың сәніне айналар ескерткіштің шығынын өтейміз деген кәсіпкерлер бар», - дейді мүсінші. 

Ескерткіш аудан орталығынан Жезқазғанға баратын тас жолдың 35-ші шақырымында, 1-желтоқсан күні орнатылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары