11.12.2020, 15:20

Жас режиссер Айсұлтан алғашқы фильмін түсірмек

Фото: ашық дереккөз
Сондай-ақ, режиссер «Қаш» деп аталатын жаңа туындының сценариі көрсетілген фотоны жариялады.

Америкалық 21 Savage секілді әлемге танымал рэперге, ресейлік Баста, Иван Дорн, L`One, Miyagi, Noize MC және Эндшпиль секілді әйгілі орындаушылардың клипін түсіруге атсалысқан қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов 2021 жылы толықметражды фильм түсіруге кірісетінін жариялады.

«Бірінші фильмім. Түсірілім келесі жылы басталады», - деп жазды Айсұлтан Сейітов.

Сондай-ақ, режиссер «Қаш» деп аталатын жаңа туындының сценарийі көрсетілген фотоны жариялады. Сценарий авторы – Абылай Нұрманбетов.