$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Алматыға 75 000 доллар болатын 111 000 дана KF94 қорғаныш маскасы жеткізіледі.

Корея Республикасының үкіметі Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19-бен күрес үшін тағы гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Корея Республикасының Үкіметі Қазақстанға COVID-19 шалдыққан пациенттерге 72 оттегі концентраторы, 50 монитор және 111 000 дана FFP2 стандартты респираторлық қорғаныс маска жіберген.  Гуманитарлық көмектің құны 375 000 АҚШ доллар.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан және өз атымнан Корей сарапшыларына COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және консультациялық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл екі мемлекет арасындағы достықтың, сондай-ақ пандемияға қарсы халықаралық ынтымақтастықтың айқын көрінісі. ДДСҰ-ға да COVID-19-ға қарсы күресте қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл ұйымдар арасындағы серіктестік қарым-қатынастың тағы бір дәлелі», - деді Е.Қиясов.

Қазақстан Корея Республикасымен ынтымақтастыққа көп мән береді. Бұған дейін Корея үкіметі Қазақстандағы медициналық мекемелерге COVID -2019 анықтау үшін  жедел тест тапсыру жағынан гуманитарлық көмек көрсеткен болатын. Биыл мамыр айында Алматы қаласында «Medical Partners Korea» корей компаниясының қолдауымен Оңтүстік Корея технологиясы бойынша құрылған коронавирус инфекциясынын анықтау бойынша мобильді скрининг орталығы ашылды.

19 қазанда Корея Үкіметінен гуманитарлық көмек ретінде  425 000 $ сомасына кореялық «Seegene» компаниясы өндірген  «2019-nCOV Assay»  ПТР-тестінің 388 жиынтығын алдық.

Сонымен қатар, қазақстандық медицина мамандары Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының қолдауымен ұйымдастырылған COVID-2019 мәселелері бойынша оқыту вебинарларына тұрақты түрде қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары