11.12.2020, 21:20

«Сүйінші!»: 5 қызынан айырылған Евгений мен Жанымгүл сәбилі болды

Фото: ашық дереккөзі
5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты.

Елордада жер үйлердің бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бүлдіршіні қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қыздардың ата-анасымен бірге дүйім жұрттың да қабырғасын қайыстырды. Арада бір жыл өткеннен кейін Евгений мен Жанымгүл балалы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл Қуанышты хабарды журналист Ерқанат Көпжасар Instagram парақшасында жариялады. 

"Қуанышты хабар! 5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты. Жаратқан бір ауыртпалықтың артынан екі жақсылық жібереді",- деді ол.

Желі қолданушылары Ситер отбасын сәбилі болуымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.