$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 110 шақырым жерде, Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Алматы облысының Кеген ауданында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 11 желтоқсанда Алматы уақытымен 20 сағат 19 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 110 шақырым жерде, Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1.

MPV магнитудасы - 4.6.

Тереңдігі - 15 шақырым.

«Сезілгені туралы мәлімет - Кеген ауданы Саты ауылында 2-3 балл» делінген Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Департамент ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Сеніп тапсырылған аумақтағы жағдай нақтыланып жатыр. Қираған ғимарат ж»не зардап шеккендер туралы хабарлама түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек:>

- ғимараттан шығыңыз (15-20 секундта);

- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;

- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.

- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;

- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;

- жеделсатыны пайдаланбаңыз;

- сіріңке, шам жағуға болмайды;

- сымдарға қол тигізбеңіз;

- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары