12.12.2020, 05:50

Павлодарда полицейлер алаяқ жасады деген күдіктіні ілінді

Фото: ашық дереккөзі
Ол тұрғындардың көлігін бөліп төлеу жолымен сатып алып, ломбардқа өткізіп отырған.

Павлодар тұрғыны көліктерді бөліп төлеу жолымен сатып алып, артынша ломбардқа өткізіп отырған. Қазір оның онға жуық адамды алдап соғып, тақырға отырғызғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары сол себепті онлайн түріндегі жарнамалар бойынша сауда жасарда өте сақ болу керегін ескертеді. Өйткені өңірде жыл басынан бері осындай 1,5 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелген.  

«Аталған азаматша ғаламтордағы жарнамалар арқылы автокөлік иелерімен келісіп, оны бөліп төлеу жолымен сатып алып отырған. Алғашқы жарнасын қолдарына ұстатқан соң қала тұрғындары оған сенген. Темір тұлпарларын ломбардқа өткізіп жібереді деп еш ойламаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді  облыстық ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.