$ 445.66  474.58  4.78

Жүкті әйелге түйенің етін жеуге бола ма? - маман жауабы

Осы тектес ырымдар медицина тұрғысынан дәлелін тапқан ба?
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ел арасында жүктілікке қатысты ырым-тыйымдар көп айтылып жатады. Бірі негізді болса, бірі күмән оятады. Жүкті әйелдерге түйенің етін жеуге бола ма? Осы тектес ырымдар медицина тұрғысынан дәлелін тапқан ба? Осы сұраққа Түркістан облыстық  №2 перинаталдық орталығы бас дәрігердің орынбасары, акушер-гинеколог Мадина Мамбетова Oinet.kz-ке жауап берді. 

Әр ұлттың ата-бабасынан қалған, берік  ұстанатын дәстүрі бар. Сол секілді қазақ халқы  ертеден жүкті әйелдерге түйенің етін жегізбеген. Мұны мына фактілермен байланыстыруға болатын шығар. Бір өркешті түйенің буаздық уақыты 12-14 айды құрайды. Айтарлықтай ұзақ мерзім болғандықтан ата-бабамыз бұл аяғы ауыр әйелдерге, яғни, шаранаға да әсер етеді деп сенсе керек. Медицина тұрғысынан алып қарағанда, ай-күнінен асып дүниеге келген баланың денсаулығында ақау болуы ықтимал. 
Содан да болар, түйе етімен байланысты тыйым халық арасында кеңінен тараған. Ғылыми салада  бұл тақырыпта нақты зерттеу жоқ. Медицина түйенің еті жүктілікті ұзартатындығы туралы дәлелдемеген және жоққа да шығармаған. Дегенмен жүкті әйелдердің денсаулығына байланысты тамақтану тәртібіне мамандар аса сақтықпен қарап, бақылап отырады. Босанғанға дейінгі тамақтану тәртібі жайлы көптеген зерттеу жұмыстары да бар. Ырымдарды медицинамен емес, ұлттық санамен байланыстырған дұрыс деп пайымдаймын, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары