13.12.2020, 18:20

Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 43 935 адамға жетті.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 162 адамның ауырғаны белгілі болды және 1 өлім жағдайы тіркелді. деп хабарлайды coronavirus2020_kz.

«Сондай-ақ коронавирус пневмониядан 104 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.

1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар – 43935. Барлығы 464 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31468 жетті.